Әнші, актриса Айгүл Иманбаева ұлы Асылжанға ақылды жар іздейтінін айтты. Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ұл өсті деген осы. Жүрген жерде Әмина апам сияқты келін іздеп жүретін болдым қазір. Рас айтам. Бірақ тақия киіп Тайлақ болайын деп тұрған Асылжан жоқ, әрине... Менікі аналық тілек қой. Ибалы, инабатты, тәрбиелі, ақылды, дана, сұлу, мінезі көркем қыздарыңыз бар ма?", – деп жазды Айгүл Иманбаева.
"Менің де 38 жастағы үлкен ұлым бар. Денесінен ұялып, қыздармен сөйлесе алмайды", "Менің де жағдайым сондай боп тұр. Мен де Әмина апама ұқсап шығамын-ау", "Балаға іздейді екенсің, ал қызға: "Тұрмысқа шық" дегеннен басқа ештеңе айта алмайсың", "Менде де сол жағдай, жақсы, әдепті қыз іздеп жүрмін", "Әр ананың арманы", "Ұлыңыз адал жар тапсын", - деп жазды олар.
Айта кетейік, бұған дейін әнші Айгүл Иманбаеваның "Болашақ" бағдарламасымен Европаға бара жатқанын жазған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!