“Иә“ дедім“. Әбиба Әбужақынова қуанышты жаңалығын бөлісті

“Иә“ дедім“. Әбиба Әбужақынова қуанышты жаңалығын бөлісті
Фото: instagram.com/abiba48

Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Спортшыға сүйіктісі сөз салған. Әбужақынова сақинасын және бір құшақ раушан гүлін көрсетті.

"Мен "иә" дедім", – деп жазды ол.

Еске салайық, Әбиба Әбужақынова – қазақстандық дзюдошы. 28 жастағы спортшы Будапештте өткен жарыста тарихи күміс жүлдеге қол жеткізгенге дейін, Ташкентте (2022) және Абу-Дабиде (2024) өткен әлем чемпионаттарында екі қола медаль иеленген. Сонымен қатар, оның Азия чемпионаттарынан екі күмісі бар.

2025 жылғы қарашада ол Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінде қола медаль жеңіп алды.

2024 жылы Абиба Париж Олимпиадасына қатысқанымен, жүлдеге қол жеткізе алмады. Соған қарамастан, елге оралған соң оған бірнеше автокөлік сыйға тартылды.

Айта кетейік, жанкүйерлер Әбиба Әбужақынованы Париж Олимпиадасындағы Қазақстанның ең сұлу спортшыларының қатарына қосқан.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget