- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- iPod плееріне қызығушылардың...
iPod плееріне қызығушылардың саны арта түсті
Оқырмандарымыздың арасында iPod музыкалық плеерін пайдаланушылар бар болар. Жақында араға үш жыл салып бұл гаджеттің жаңа моделі сатылымға шығатыны туралы хабарлаған болатынбыз. Бұл жаңалықтан кейін тұтынушылар назардан тыс қалған iPod гаджетіне қайта қызығушылық таныта бастады.
iPod – ғасыр басында Apple компаниясы ұсынған мультимедиялық аудиоплеер. Компанияда плеер 2012 жылдан кейін басты назарда ұсталып, біршама уақытқа дейін қайта жаңартылмай қалған болатын.
Pacific Crest сараптамалық агенттігінің маманы Энди Харгривз Google Trends қызметінен ерекше статистикалық ақпарат келтіреді. Графиктегі мәлімет тұтынушылардың Apple Watch сағатына қарағанда iPod гаджетіне көбірек қызығатындарын дәйектейді. Харгривз бұл ақпараттың ресми екенін нақтылады.
Агенттіктің есебіне орай, Apple фанаттары смарт-сағатты қажет еткендіктен емес, оның бренд өнім болғандығы үшін ғана сатып алуда. Бүгінде смарт-сағаттың әлемдік нарықтағы сатылым қарқыны да біршама төмендеген. Ал оның 2016 жылы жоғары сұранысқа ие болуына ешкім кепіл бола алмайды. Ал музыкалық плеер кез келген адамға әр уақытта пайдалы өнім ретінде қала береді.
Ж. Өрісбай