iPod Touch өнімінің алтыншы нұсқасы шығатын күн белгілі болды. Ресми ақпаратқа орай, Apple ұсынатын жаңа портативті мультимедиалық плеер iPhone 6s смартфонымен бірге қыркүйек айында таныстырылмақ.
Master Herald басылымының жазуынша, жаңа iPod Touch 250-300 АҚШ доллары көлемінде сатылатын болады. Сонымен қатар, оның бірнеше нұсқасы сатылымға шығады деп жоспарлануда.
Айта кетейік, соңғы iPod Touch 2012 жылы ресми таныстырылған болатын. Сондықтан жаңа плеердің көптен күткен өнім болары анық. Ғаламторда тараған ақпаратқа орай, iPod Touch гаджетінің техникалық мүмкіндігі мынадай болмақ:
- ультражоғары Retina Display сапасына ие 4,7 және 5,5-дюймді экран;
- Apple А9 процессоры;
- 1 ГБ оперативті жады;
- MicroSD қосалқы жады – 128 ГБ;
- Сыртқы корпусы жоғары сапаға ие;
- Apple Pay төлем қызметі.
Apple iPod Touch өнімі әдеттегідей ресми таныстырылғаннан кейін қазан айында дүкен сөрелеріне жеткізіледі.