iPhone-ның түпнұсқа қаптарында тыңдау құрылғылары бары рас па?

iPhone-ның түпнұсқа қаптарында тыңдау құрылғылары бары рас па?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазнетте iPhone-ға арналған түпнұсқа қапты бөлшектеген адамның видеосы қызу талқыланып жатыр. Ол қапты ашқан кезде шыққан магниттер мен чиптер тыңдау құрылғысы екенін айтады. Бұл - фейк, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Қаптың ішінде дөңгелек магнит бар. Видео авторының айтуынша, олар барлық ақпаратты жеткізеді, ал ортасындағы чип телефонға Bluetooth арқылы қосылады.

Шын мәнінде видеода Apple түпнұсқа қабы деп MagSafe көрсетілген. Ағылшын тілін білетіндер safe қауіпсіздік, ал mug саптыаяқ емес екенін бірден түсінеді. Бұл magnet - магнит сөзінің қысқартылған түрі. Бұл - сымсыз зарядтауға және аксессуарларды бекітуге арналған жүйе. Технологияны Apple Inc. компаниясы iPhone және AirPods өнімдерінің желісі үшін жасаған.

Жаңа құрылғы 2020 жылғы қазанда iPhone 12 және 12 Pro-мен бір уақытта таныстырылды.

Зарядтау құрылғысы смартфонның артына жабыстырылады. Ол үшін сирек магнит қолданылады. Бұл зарядтау құралының шайбасын дәл туралайды. MagSafe 15 Ватт-қа дейін жылдам қуаттайды. 

Осындай қаптарды ашып тексерген блогерлер көп. Тіпті қаптың ішін қарағандар да бар.

Демек, видеода Apple компаниясының түпнұсқа қабы деп тыңдау құрылғысы емес, смартфондарға арналған MagSafe жүйесі көрсетілген.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова