- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- iPhone-ның жарнама акциясы...
iPhone-ның жарнама акциясы Гран-При иемденді
Apple компаниясы кинематограф мамандардың назарына қайта ілікті. Оның наурыз айында басталған «Shot on iPhone 6» жарнама акциясы «Cannes Lions» фестивалінде бас жүлдеге ие болды.
Apple жаңа акцияның көмегімен iPhone 6 смартфондарының камерасының сапасын жарнамалауды мақсат еткен болатын. Жалпы акцияға бүгінге дейін түрлі елден 162 iPhone 6 тұтынушысы қатысып, 10 мыңнан аса жарнамалық видео және фото материалдар жарияланды.
«Өнімді тұтынушылардың көмегімен жарнамалау – маркетингтік жарнаманың ең ұтымды жолы. Мұндай жаңшылдық нарықтағы ойындарды да өзгерте алады», - дейді фестиваль қазылар алқасының төрағасы Хуан Карлос Ортис.
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Apple компаниясы Канн фестивалінде «Media» категориясы бойынша жеңімпаз атанған болатын. Ол кезде New Yorker журналында шыққан iPad планшетінің жарнамалық фотосы жеңген еді.
Ж. Өрісбай