Apple компаниясының мобильдік құрылғылары өте сапалы камерамен қамтылған, фотографтар мен бейнетүсірілім әуесқойлары оның техникаларына бас иеді. iPhone-мен, тіпті iPad-тың соңғы өнімдерімен жоғары сапада түсірілген музыкалық клиптерді, әуесқой роликтерді, жақсы фотосуреттерді де кездестіріп жүрміз. Ал кейбір режиссерлер Apple смартфонымен тұтас фильмді де түсіреді екен.
Режиссер Син Бейердің көрінісі екі құрбының шиеленіскен оқиғасын көрсетеді. Екеуі де Голливудта жезөкшелікпен ақша табатын қыз. Фильм толықтай iPhone-ның камерасымен түсірілген. Sundance халықаралық фестивалінде көрсетіліп, керемет баға да алып үлгерді.
«Мандарин» деп аталатын фильм 87 минутқа созылады. Түсірілімге FiLMiC Pro приложениесі мен үш смартфон қолданылды. Режиссердің сөзіне қарағанда, бұл тәсілді таңдау себебі тек жоба бағасын арзандату мақсатында емес. Метро вагондары мен автобус сияқты қоғамдық орындарда арнайы рұқсат алмай-ақ жұмыс жасауға мүмкіндік берген. Бұл фильм кино өндірісіне өзгеріс алып келуі екі талай, бірақ жеке фильм түсіруге құралдары мен мүмкіндігі болмаған адамды шабыттандырары анық. Фильм 10 шілде күні АҚШ-та көрсетілетін болады.
Ұқсас жазбалар:
Apple ешбір батырмасы жоқ пернетақта шығарады
Apple-дің жаңа кеңсесі Стив Джобс есімімен аталады