- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- iPhone 6 тұтынушылары...
iPhone 6 тұтынушылары тапсырыстарын өз уақытында алмайды
Естеріңізде болса, өткен аптада iPhone смартфондар девайсының келесі нұсқасының жарияланғаны туралы жазған болатынбыз. Сонымен қатар, Apple-дің жаңа өніміне деген сұраныстың қандай боларына қатысты болжамдар да айтыла бастады. Дегенмен, сұраныстың сандық көрсеткіштері жоспарланғаннан да асып кетті. Сондықтан тапсырыс берушілер девайсын өз уақытында ала алмайтын болды.
Үлкен дисплейлі iPhone 6 смартфонын жеткізу АҚШ, Канада, Аустралия және Еуропаның бірнеше елдерінде 19 қыркүйектен бастау алады. Дегенмен, тұтынушылар жеткізу барысының белгіленген уақытынан біршама кешігіп келетініне дайын болғаны жөн. Ол тіпті бір айға дейін созылуы мүмкін. Айта кетерлік жағдай, онлайн тапсырыстардың алғашқы күнінде 4 миллион данаға тапсырыс берілген болатын. Мамандардың айтуынша, тапсырыс беру осы үдеріспен жалғасатын болса, Apple жоспарлы жұмысын жүзеге асыра алмай қалады.
Ескерте кетейік, iPhone 6 Plus фаблетіне алдын-ала тапсырыс берушілердің көбі тәуекелге бас ұрып отыр. Бірнеше күн бұрын компанияның ресми сайтында тапсырыстардың кешіктірілуі туралы ақпарат шығарылған болатын. Дегенмен, оны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Әзірге 4,7-дюймді iPhone 6 смартфоны уақытында жеткізіледі деп күтілуде.
Жаңа девайстарға алдын-ала тапсырыс беру елімізде де жүргізіліп жатыр.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.hardnsoft.ru
Ж. Өрісбай