Apple компаниясы бүгін, 19 қыркүйек, өзінің жаңа смартфондарын әлемнің он елінде сатуға шығарды. Бұл туралы Apple-дің ресми сайты хабарлайды.
Жаңа гаджеттер компанияның АҚШ, Аустралия, Канада, Франция, Гонконг, Жапония, Пуэрто-Рико, Сингапур және Ұлыбритания секілді елдеріндегі ресми дүкендерінде сатылымға шықты. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, Нью-Йорк, Лондон, Сидней және Сингапур қалаларындағы дүкендерінің алдында кезекке тұрушылар саны арта бастаған.
АҚШ-та жергілікті байланыс операторларымен келісімге отыру арқылы 199 АҚШ долларына сатып алуға болады. Ал келісімсіз 649 АҚШ долларын құрайды.
Ресей алғашқы 20 елдің қатарында тұр. Қалған тағы он елде жаңа iPhone сатылымдары 26 қыркүйектен басталады.
Жаңа смартфондардың экраны үлкейіп қана қоймай, оның ені де жұқарған. Сонымен қатар, алдыңғы iPhone 5S смартфонына қарағанда 25 пайызға қуатты жұмыс істеуге мүмкіндік беретін А8 процессорымен жабдықталған. Әдеттегідей, жаңа смартфондар алтын, күміс және күрең түстердегі нұсқалары шығады. Дегенмен, Apple 32-Гбайттық нұсқасынан бас тартып, оның орнына 128-Гбайттық нұсқасын сатылымға қойған.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: lenta.ru