Apple компаниясы iPhone 12 смартфондарын күзде таныстыруы мүмкін. Ал оған дейін Tom’s Guide порталы мен журналист Джон Проссер құрылғылардың бағасы жайлы ақпарат жариялап үлгерді.
Бейресми деректер бойынша жаңа iPhone 12 смартфондары 4 нұсқа бойынша шығады. Олар: iPhone 12 (экраны 5,4 дюйм), iPhone 12 Max (6,1), iPhone 12 Pro (6,1) және iPhone 12 Pro Max (6,7). Бар түрі де OLED дисплейімен жабдықталады. Сондай-ақ 5G желісі бойынша жұмыс жасайды.
iPhone 12 смартфонының бағасы 649-749 доллар (268 000-310 000 тг арасы) шамасында болады. iPhone 12 Max 749-849 доллар (310 000-351 000 арасы) арасында сатылады. iPhone 12 Pro нұсқасы үшін 1,3 мың доллар (538 000 шамасы) шығындауға тура келеді. Ал ең бағалысы саналатын iPhone 12 Pro Max-тың бағасы 1,4 мың доллар (579 000 тг шамасы) көлемінде болады.
Осыған дейін жаңа iPhone 12 смартфондарының бағасы жайлы ақпаратпен журналист әрі блогер Джон Проссер де бөліскен. Ол ең қымбат түрі 1,1 мың доллар (455 000 тг шамасы) тұрады деп топшылаған еді.
Been seeing some reports speculating on iPhone 12 prices, so I asked my sources ????
5.4 iPhone 12 D52G
OLED / 5G
2 cam
$649
6.1 iPhone 12 D53G
OLED / 5G
2 cam
$749
6.1 iPhone 12 Pro D53P
OLED / 5G
3 cam + LiDAR
$999
6.7 iPhone 12 Pro Max D54P
OLED / 5G
3 cam + LiDAR
$1,099
Apple жаңа смартфондарын қашан таныстыратыны белгісіз. Бастапқыда 12 қыркүйек күні көпшілік назарына ұсынады деп күтілген. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты қазан айына шегеруі де мүмкін.