Ғаламтордағы әртүрлі платформалардың осал жерін тауып, сын айтатын Zerodium компаниясы жаңа байқау жариялады. Компания басшысы жақында таныстырылған iOS 9 операциялық жүйесін бұзған бағдарламашыға 1 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы табыстайды.
Хакерлер арасындағы халықаралық байқау жасырын түрде өткізілмейді. Себебі байқау туралы мәлімет Zerodium компаниясының ресми сайтында жарияланған. Расында бұл байқаудың нақты қандай мақсатпен ұйымдастырылғаны белгісіз. Zerodium мамандары iOS 9 операциялық жүйесінің қауіпсіздігін жоғары бағалап отыр немесе платформаның анықталған осал жерін Apple компаниясына қомақты қаржыға сатуы мүмкін.
Мұны байқау ережесімен танысқаннан кейін пайымдауға болады. Мысалы, жеңімпаз бағдарламашы Zerodium компаниясына iOS9 осал жері туралы мәлімет пен авторлық құқықты беруі тиіс.
Жеңіске деген талап ұсынылатын сыйақыға байланысты болады. Ал 1 миллион АҚШ доллары аз ақша емес. Сол себепті iOS 9 платформасы хакерлер шабуылына төтеп бере алмауы бек мүмкін.