- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- iMedia Project қазақстандық...
iMedia Project қазақстандық журналистердің біліктілігін арттырады
Қазақстан Баспасөз клубы Сорос-Қазақстан Қорының қолдау көрсетуімен жаңа да бірегей білім беру бастамасы - «iMedia Project» жобасының іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Ашық республикалық байқау аясында білікті қазылар алқасы қазақстандық БАҚ журналистері мен редакторларының ішінен 20 финалисті анықтайды, олар бір жыл аралығында бес апта тегін оқу курсынан өтеді. Қатысу үшін өтінімдер 2015 жылдың 28 қыркүйегіне дейін қабылданады.
The New York Times, USA Today, CNN, The Huffington Post, Pro Publica және т.б. танымал БАҚ-тардың практик-журналистері, сондай-ақ Миссури университетінің Журналистика мектебінің және Джорджия штаты университетінің Грэди атындағы Журналистика және бұқаралық коммуникация колледжі сынды америкалық жетекші білім ордаларының профессорлары қазақстандық журналистерге мультимедиалық стартаптар құру және оларды кешенді түрде дамытып, жүзеге асыру, сол сияқты медиа-кәсіпкерлік пен контенттен ақша табу машықтарына оқытып, үйретеді.
«iMedia Project» білім беру бағдарламасы 5 аптаға созылатын 200 аудиториялық сағатқа сай сессиялар мен білім алушылардың оқудан тыс өзін-өзі зерттеу жұмыстарынан құралған. Бұл кәсіби дағдыларын дамытуға және тәуелсіз жаңа медиа-жобаларды құруға қызығушылық танытатын республикалық және аймақтық БАҚ-тың медиа-менеджерлері мен журналистеріне арналған Қазақстандағы бірден-бір алғашқы бастама.
Ж. Өрісбай