- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- I-BALAQAI арнайы шығарылымында...
I-BALAQAI арнайы шығарылымында инклюзив білім беру сарапшылары пікірлерін бөліседі
Ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірге оқи алатын нормотипті балалардың ата-аналары неден қорқады? Ерекше балаларды қай жерде әлеуметтендірген жақсы - қарапайым мектептерде немесе арнайы интернаттарда? Инклюзив білім беру тәжірибесі Қазақстанның білім беру жүйесі қандай міндеттер қояды? I-BALAQAI арнайы шығарылымында инклюзив білім беру сарапшылары пікірлерін бөліседі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
I-BALAQAI жобасының негізін қалаушылар - Alash Media Group және Montessori Qazaqstan Public Fund медиахолдингі. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте"әлеуметтік желісі. Спикерлер тәжірибесін бөлісіп, пайдалы кеңес беріп, ұсыныстарын айтады.
Бүгін, 18 ақпанда сағат 20:00-де I-BALAQAI YouTube-арнасынан көре аласыздар. Инклюзив білім беру бойынша сарапшылар пікір білдіреді:
Парламент Мәжілісінің депутаты – Жұлдыз Сүлейменова, "Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы" қоғамдық қорының президенті – Салтанат Мурзалинова-Яковлева логопед, Израильден келген коммуникациялық терапевт – Марина Тредлер Оулу, Финляндия консультациялық бөлімінің басшысы – Паулина Канерво. Жүргізуші – журналист, телерадиожүргізуші Махаббат Есен.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады. I-BALAQAI жобасы аясында подкасттар, пайдалы мақала, видеолар шығады.
RTS Decaux компаниясына бағдарламаны түсіруге локация ұсынғаны үшін алғыс білдіреміз.
Т. Есқали