Норвегиялық шенеуніктер "Хвалдимир" деген атқа ие болған "тыңшы-китке" жоламауға шақырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы елдің балық аулау басқармасының ресми сайтында жазылған.
"Хвалдимир" атты ақ кит ішкі Ослофьордта (Норвегияның Оңтүстік-шығыс бөлігіндегі шығанақ - еск.) жүр. Кит халық өте тығыз қоныстанған аймаққа келді, сондықтан киттің адаммен байланыста болу қаупі айтарлықтай жоғары", - делінген басқарманың хабарламасында.
Ақ кит алғаш Норвегияда 2019 жылы байқалған. Китте петербургтік компанияның логотипі болған. Китке "Хвалдимир" деген атау берілген. Hval норвегия тілінен аударғанда кит деген мағына берсе, екінші бөлігі РФ басшысының атымен байланыстырылған.
Сондықтан норвегиялықтар ақ кит ресейлік әскерилер үйреткен тыңшы деген болжам жасаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!