“Хуторскийміз, бізді білмейсің бе?“ деді“. Шерзаттың әкесі сотта оқиға қалай болғанын айтты

Сотта марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қаржаубай Нұрымов "Қамажай" дүкенін екі айға жуық жалға алғанын айтты. Оқиға болған түні дүкенге Дархан Әскентай келген, басында екеуінің арасында қақтығыс болмаған.

Шиеленіс кейінірек пайда болған. Марқұмның әкесінің сөзінше, Шерзат Әскентайдың Қаржаубайды қорлағанын естіген.

"Олар сыртқа шығып кетті. Дауыс көтеріп сөйлесе бастады. Шерзат Дарханды ұрып жіберген. Мен шығып, оларды ажыраттым. Дарханнан кешірім сұрай бастадым. Ол кешірмейтінін, балаларды шақыратынын айтты. Шерзат өз денсаулығымен өтейтінін айтты", - деп еске алды Қаржаубай Нұрымов.

Кейінірек Дархан Әскентай достарын шақырған. Олардың арасында Нұрбол Тоқтаубаев та болған. Осы уақытта дүкенге Шерзаттың достары келген, олар бұған дейін "Қамажай" дүкені маңында кездесуге уағдаласқан. Ал Қаржаубай Нұрымов бауыры Нұрғанат Ғайыпбаевты көмекке шақырған.

"Нұрбол "хуторскийміз, бізді білмейсің бе?" деді. Нұрбол өздерінің хуторский екенін айтқан кезде жағдай жақсы емес екенін түсіндім. Олар жай кетпейтінін, бәрібір өз дегенін жасайтынын түсіндім. Өйткені бүкіл ауыл хуторский кім екенін біледі. Бұған дейін көрші жігіт ажал құшқан", - деді Қаржаубай Нұрымов.

Шерзат ісі бойынша сот отырысы

2025 жылы 10 cәуірде Талдықорғанда Шерзат Болаттың ісі бойынша сот процесі басталды. Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша сот отырысы тікелей эфирден көрсетіледі.

Шерзат Болаттың өлімі туралы не белгілі?

Еске салайық, Талғарда 2024 жылы 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің Полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар, Алматы облысы Полиция департаментінің өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

"Қазақ болып күресеміз". Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты.

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды. 

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар 

Кейін Шерзаттың ағасы да өлі табылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!