Хуторлық Хасан Қасымбаев не үшін ұсталған?

Талғардағы хуторлық банданың басшысы Хасан Қасымбаевтың не үшін ұсталғаны белгілі болды. Қасымбаевтың 2021 жылғы қылмысқа қатысы болуы мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Хасан Қасымбаев 2021 жылы ережесіз жекпе жек жаттықтырушысын ұрлап, соққыға жыққан деген күдікке ілінген. 

Үш жыл бұрын болған қылмыс видеоға түсіп қалған. Жазбада жәбірленуші - ережесіз жекпе жек жаттықтырушысы Арман Алимов екені жазылған. 

Оның туыстарының сөзінше, ер адам алдымен "Виктория" шағын маркетінің жанында соққы жеп, артынша ес-түссіз күйде Кеңдала ауылындағы канал жақтан табылған. Содан кейін ер адам ауыр жағдайда ауруханаға түскен.

Бұл іс бойынша бес күдікті ұсталған. Бүгінде олар бас бостандығын шектеу мекемелерінде жазасын өтеп жатыр. 

2021 жылдың желтоқсанында полиция тағы бір фигурантқа іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын. 

Алматы облысының полиция департаменті Хасан Қасымбаев осы іс бойынша ұсталғанын растады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!