Хуторлық Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды

Талғарда хуторлық топтың басшысы делінетін Хасан Қасымбаев қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, 4 қарашада Алматы облысы Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Хасан Қасымбаевқа бұлтартпау шарасын таңдау туралы өтінішті қарады.

"Сот қаулысымен Хасан Қасымбаев екі айға қамауға алынды", - деп жазылған мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін де полиция Хасан Қасымбаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді.

Полиция департаменті мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат А.-ны ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген. Оқиға 2021 жылғы маусымда болған. 

Хуторлық Хасан Қасымбаев не үшін ұсталған?

Артынша  Қасымбаевтың әйелі оның немен айналысатынын айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!