Ақтөбе облысы Хромтау қаласында отшашулар салынған жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 21 желтоқсанда сағат 15:05-те Хромтау қаласы Самара-Шымкент тас жолы бойында болған. Жүк көлігі жанып жатқаны туралы 101 қызметіне хабарлама келіп түскен.
Оқиға орнына өртсөндірушілер жіберілді. Оқиға орнына келген кезде фура автокөлігі ішінде газ баллон құтылары, лак-бояу өнімдері, тұрмыстық бұйымдар жанып жатқаны анықталды.
Өрт сағат 16:19-да сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз