Ақтөбе облысы Хромтау қаласында қоғамдық тамақтану орнында жарылыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
19 қаңтарда шамамен сағат 17:45-те Ғ.Жұбанова көшесінде орналасқан жеке тұрған қоғамдық тамақтану нысанында газ жабдығы жарылған.
"Шақырту бойынша ТЖД күштері жедел түрде жіберілді. Оқиға орнына екі техника мен жеке құрамнан жеті адам барды. Төтенше жағдай салдарынан ғимарат шамамен 80 шаршы метр аумақта қирады", - деп жазылған өңірлік ТЖД хабарламасында.
Зардап шеккендерге уақтылы медициналық көмек көрсетілген, бес адам медициналық мекемеге жеткізілді, олардың жағдайы нақтыланып жатыр.
"Оқиғаның себептері анықталып жатыр", - деді ТЖД өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!