Хромтауда полицей тұрғын үйдің 5-қабатынан секірмек болған әйелді құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
6 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында 102 арнасына әйел бесінші қабаттағы терезеден секіргелі жатқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына тез арада кезекшілікке шыққан учаскелік полиция инспекторлары жетті.
Үш учаскелік полиция инспекторы ұзақ ойланбастан шатырға көтеріліп, әйелмен әңгімелесіп, оны сабырға шақырды. Ал әйел жылап, өзін жайына қалдыруды сұраған.
Осы сәтте полиция капитаны Райымбек Оңғарбаев өз өмірін қатерге тігіп, шатырдан балконға секіріп, әйелді құтқарып қалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз