Ақтөбе облысы Хромтау ауданында адам өлімі бойынша тергеу үш күнде аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылы 8 желтоқсанда Хромтауда автотұрақ қызметкері кемпингтің әкімшісіне өткір затпен соққы жасап, салдарынан әкімші қаза тапты.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 99-бабының 1-бөлігімен "Адам өлтіру" сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, процесс прокуроры тағайындалды.
2024 жылы 10 желтоқсанда аудан прокуратурасымен қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.
"2025 жылы 16 қаңтарда сот үкімімен сотталушы Қ. кінәлі деп танылып, аса ауыр дәрежедегі қылмысты жасағаны үшін 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!