Хромтау дүкендерінің бірінде сөреден бірнеше бөтелке сусабын ұрланған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.
Полицейлер бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы оны 49 жастағы жергілікті тұрғын ұрлағанын анықтады. Күдікті бұл дүкенге 7 рет келіп, шаруашылық тауарларын ұрлағаны белгілі болды. Соның ішінде ол тек сусабындарға назар аударған. Осылайша, қазанның соңынан бастап әйел 15 сусабын ұрлап, оның бір бөлігін сатып та жіберген.
35 жастағы дүкен иесіне келтірілген шығын сомасы 35 мың теңгеден асты. Заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!