- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Хорватия Шенген аймағына...
Хорватия Шенген аймағына қосылды
1 қаңтардан бастап Хорватия мен Шенген аймағына қосылды. Бұл туралы Еуроодақ кеңесінің сайтындағы хабарламасында айтылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Хорватия 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Шенген аймағына кірді, енді елге Шенген визасымен кіруге болады. Шешім ЕО-ға мүше елдердің дауыс беруінен кейін қабылданған.
Бұрын берілген ескі ұлттық визалармен елге кіруге болатын-болмайтыны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.
Хорватия Шенген визаларын беру және Шенген елдерінде болу ережелерін бұзған шетелдіктердің деректерін жинайтын Шенген ақпараттық жүйесін пайдалану құқығын алды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова