- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Хорватия елшісі Астанадағы...
Хорватия елшісі Астанадағы паркингте демалысқа деп жинаған ақшасын жоғалтып алды
Хорватия елшісі Астанадағы паркингте ақшасын жоғалтып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
6 тамызда полицияға Хорватияның Қазақстандағы Елшісі Рефик Шабанович жүгінген. Ол астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде тұрады, шетелдік валюталық қаражат салынған әмиянының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Көрсетілген мекенжайға жеткен тәртіп сақшылары шетелдік азаматтың түнгі уақытта көлігін тұраққа қойып, одан екі сөмкемен шыққанын анықтаған. Сол сәтте ер адам әмиянын қолтығының астында ұстаған. Алайда оның жолда түсіп қалғанын байқамаған.
Затының жоғалғанын таңертең байқап, паркингке түсіп, өз бетінше іздеп көрген. Әмиянды тапқанда оның ішінде ақша болмаған. Бейнебақылау камераларын қарап шыққаннан кейін полицейлер елшінің жоғалған затын оның 52 жастағы көршісі тапқанын анықтады. Әмияннан ақшаны алып, ол үйіне қарай бет алған.
Пәтерінің алдында тәртіп сақшыларын көрген ер адам қаражатты бірден берген. Айтуынша, түнде ақшаны тауып алғаннан кейін оны полицияға таңертең тапсырмақ болған.
"Мен бұл ақшаны демалысыма жинаған болатынмын", - деді Рефик Шабанович.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан