- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Холлдағы ұзын үстелде...
"Холлдағы ұзын үстелде самаурыннан шәй ішетінбіз". Қымбат Досжан балалық шағын еске алды
Белгілі журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желідегі парақшасында балалық шағын еске алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Журналист балалық шағын еске алған бауырының сөзін жазба қылып жариялаған.
"Мұрат Досжан: Отбасымызда холлда ұзын жер үстел болды. Мамам самаурыннан шәй құйып таратады. Әкем Әбсадық төрде отырады. Түскі асқа келсе де, кешкі ас болса да, біз жамырап бірге отырамыз. Көпбалалы анамызға қиын болған жоқ әрине, бірақ бір күні әкем "Алма, осы мен шәй ішіп болдым-ау деймін" - деп орнынан тұрып, жұмысқа кетіп қалды. Сосын барып, мамамның есіне түсті, әкеме шай құймай тек бізді "абслуживать" еткені 😆. Мамамыз күлгенде көзін қысып, басын шайқап тұрып әбден күлетін осындай кездерде.
Отбасы күні құтты болсын барлық жанұяға...!!!", - деп жазған ол.
View this post on Instagram
Тағы да оқи отырыңыздар: Леп белгісі қай кезде қойылады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә