Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы камбэк жасап, топтағы бесінші ойында Оңтүстік Кореяны ұтты, - деп хабарлайды Massaget.kz.
Ұлттық құрама 0:1 есебімен ұтылып жатып, камбэк жасады. Ойынды 2:1 есебімен аяқтады. Отандастарымыз топтағы 5 ойында да жеңіске жетіп, 1/4 финалға бірінші орынмен шықты.
Қазақстанға ширек финалда Гонконг - Қырғызстан арасындағы ойында жеңілгені қарсылас болады.
О. Сансызбай