Хоккейден Қазақстан құрамасы Финляндияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қатарынан үшінші матчта ұтылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері В тобының үздігі саналатын Швециямен кездесіп, жеңіліс тапты. Есеп - 1:3.
Қазақстан сапынан Әділ Бекетаев 46-минутта көзге түсті. Ал қарсыластар құрамынан Маркус Йоханссон (11-минут), Линус Йоханссон (36-минут) және Фабиан Зеттерлунд (42-минут) мергендігімен танылды.
Осылайша, біздің команда кезекті кездесуде жеңіліп отыр. Бұған дейін қазақстандықтар Францияны 3:1 есебімен жеңіп, кейін Словакияға 2:6, Латвияға 0:2 есебімен жол берген еді.
Қазақстан командасы топтағы келесі ойынды 17 мамыр күні Германияға қарсы өткізеді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз