"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мессенджерлерде жіберілген ХҚКО сайты мен eGov Mobile мобильдік қосымшасында ақау шыққаны туралы хабарлама тарады. Алайда бұл - жалған ақпарат, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Тиісті ақпарат ресми сайтта жарияланды.
"Электрон үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Үшінші тұлғалар портал мен мобильді қосымша пайдаланушыларының деректеріне қол жеткізе алмайды.
Жалған хабарламаларға жауап бермеуді және тексерілмеген ақпаратты жібермеуді сұраймыз. Электрон үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасының қызметі туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланады", - делінген хабарламада.
eGov.kz порталы және eGov Mobile жұмысы туралы туындаған барлық сұрақ бойынша байланыс орталығының 1414 телефон нөміріне хабарласуға болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!