Хиуа қаласында Тоқаев пен Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді

Хиуа қаласында Тоқаев пен Мирзиёевтің бейресми кездесуі өтеді
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев 5 сәуір күні Хиуа қаласында бейресми кездесу өткізеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың ауқымды мәселелерін, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылайды деп жоспарланып отыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы