- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Хит әндердің орындаушысы...
Хит әндердің орындаушысы Argonya Қайрат Нұртаспен қатынасы туралы айтты
Төреғали Төреәлі, Қайрат Нұртаспен ән орындаған Argonya қазір неге ән жазбай кеткені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Revue News бағдарламасына берген сұхбатында Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасы туралы да баяндады.
Арғынның Қайрат Нұртаспен бірге жасаған "Маскүнем" коллабы халыққа кеңінен танылуына ықпал етті. Төрт жылдың ішінде 31 мың рет тыңдалған әннің орындаушысы Қайрат Нұртаспен келіспей қалды деген ақпарат жиі айтылады.
"Соңғы рет Қайрат Нұртаспен 1-2 ай бұрын бір шарада кездесіп қалдық. "Ой, қалың қалай?" деп бір-бірімізді құшақтап, амандастық. Қал-жағдай білісіп қалдық. Одан кейін кездеспегелі біраз болыпты", - деп қысқа қайырды әнші.
Пандемия кезінде Argonya-мен фит жазу қазақстандық әншілер үшін үлкен жетістік еді. Алайда кейінгі кезде жаңа әні шығып жатқан жоқ. Әнші бұл мәселеге қатысты да сөз қозғады.
"Мені музам тәрк еткендей. Жанып кеткен сияқтымын. Шабыт болмай тұр әзірге", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева