Қазақстандық әнші, екі баланың әкесі Argonya "басым бос" деген мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші бұл туралы Revue News бағдарламасында сөз қозғады.
"Мен музамды жоғалтып алғандаймын. Шабыт жоқ. Әр адам өз жартысын іздейді ғой. Осы менің жүрегімнің жартысы шығар дегенде шабыт та келеді. Әзірге менің басым бос. Қыздар, хабарласыңдар", - деп әзілдеді әнші.
Айта кетейік, әнші сұхбатында қазір неге ән жазбай кеткенін музасын жоғалтып алғанымен түсіндірді.
Сонымен қатар ол Қайрат Нұртаспен қарым-қатынасы туралы да баяндады.
Арғынның Қайрат Нұртаспен бірге жасаған "Маскүнем" коллабы халыққа кеңінен танылуына ықпал етті. Төрт жылдың ішінде 31 мың рет тыңдалған әннің орындаушысы Қайрат Нұртаспен келіспей қалды деген ақпарат жиі айтылады.
"Соңғы рет Қайрат Нұртаспен 1-2 ай бұрын бір шарада кездесіп қалдық. "Ой, қалың қалай?" деп бір-бірімізді құшақтап, амандастық. Қал-жағдай білісіп қалдық. Одан кейін кездеспегелі біраз болыпты", - деп қысқа қайырды әнші.
Еске салайық, пандемия кезінде Argonya-мен фит жазу қазақстандық әншілер үшін үлкен жетістік еді. Алайда кейінгі кезде жаңа әні шығып жатқан жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!