- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ыстық тамақтың қаупі
Хирург тым ыстық тамақ жеу несімен қауіпті екенін айтты
Күнде шай секілді 70 градустан жоғары тағамды тұтыну химиялық күйіктің пайда болуына түрткі болады, ал бұл өңеш пен көмей қатерлі ісігінің даму қаупін арттыруы мүмкін. Бұл туралы хирург Александр Умнов айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі News.ru-ға сілтеме жасап.
Химиялық күйік көмейдің қатерлі ісігін екі есе, ал өңештің қатерлі ісігін сегіз есе арттырады. Ал осы температураның төрт градусқа аздап төмендеуі онкологияның даму қаупін екі есе азайтады.
Сарапшы ыстық тағамды жеу дәм бүршіктерінің жұмысын нашарлататынын және адамға тамақтан ләззат алу қиынға соғатынын алға тартты. Сонымен қатар жоғары температура тіс эмалын бұзады, бұл тіс жегісіне әкеп соқтыруы ықтимал.
Ыстық сусындарды тұтыну мұрын қуысында тамырлардың кеңеюіне әкеледі, бұл мұрыннан қан кетуді тудырады. Өңештің күйіп қалуы төс сүйегінің артында қатты ауырсынуды, сілекейдің көп бөлінуін және құсуды тудырады. Болашақта ағзаның интоксикациясы, тыртықтың тарылуы немесе өңештің перфорациясы болуы мүмкін.
Негізі екінші тағамның ең оңтайлы температурасы 50-60 градус. Бұл жағдайда суық тағамның температурасы шамамен 10 градус болуы керек.
Егер ол осы белгілерден жоғары немесе төмен болса, онда шырышты қабаттар кейіннен эпителий дисплазиясымен зақымдалуы мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә