- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Хиджаб киген қыздардың...
Хиджаб киген қыздардың төбелесі жұртты шошытты
Әлеуметтік желіде хиджаб киген бірнеше қыздың төбелесіп жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде хиджаб киген бірнеше қыздың төбелесіп жатқан видеосы тарады. Онда хиджаб киген екі қыз бір қызды жабылып тепкілеп жатқаны көрінеді.
Ria.ru басылымы мәліметінше, бұл оқиға Дағыстан астанасы Махачқалада болған. 16 және 17 жастағы екі қыз 13 жастағы қызды ұрып-соққаны белгілі болды. Дағыстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері екі қыз полиция бөліміне жеткізілгенін айтты.
"Махачқала полициясы видеодағы қыздарды анықтап, ата-аналарымен бірге қосымша тергеу үшін полиция бөліміне жеткізді. 16 және 17 жастағы екі қыз - Махачқала тұрғындары", - делінген хабарламада.
Ұрып-соққан қыздардың бірінің айтуынша, төбелес 20 қыркүйекте болған. Бұған дейін ұзақ уақыт қыздар өзара келіспей жүрген. Кейін бұл төбелеске ұласқан.
"Сөйлестік, ол мені де, тобымды да сындыру қиын болмайды деді... Сосын анам туралы жаман сөздер айтты. Мен оны ұрдым, төбелесіп қалдық... Бірінші соқтым, сосын досым ұра бастады. Екеуміз ашуланып, өзімізді ұстай алмай қалдық", - деді қыздардың бірі полицияға.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімше қызметкерлері қыздарды тіркеуге алған. Ішкі істер министрлігі сот ісі аяқталғаннан кейін жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына заңда көзделген шаралар қолданылатынын атап өтті.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек