Ұшақ, автобус, көлік... Қазір қалаған жерімізге осы транспорт түрлерімен жетеміз. Әрине, жаңарып, дамығаны болмаса, бұл үш туынды да өткен ғасырларға тән. Яғни, бұлар ХХІ жүз жылдықтың жаңалығы емес. Дегенмен, түрік қандастырымыз ХХІ ғасырдың үлкен жаңалықтарының бірі болатын жаңа транспорт түрінің жобасын жасап шығарыпты. Олай болса, түрік елінің өнертапқыштары ұсынған мына жобамен танысып, ой бөлісе отырыңыздар.
Түрік инженерлері мен дизайнерлері жолаушыларды тасмалдайтын транспорттың жаңа түрінің жобасын жасады. Инженерлер бұл транспорттың болашақта көп адамды тасымалдай алатынын алға тартып отыр. Транспорттың нақты атауы әлі белгісіз. Алып квадрокоптер тек арнайы рельспен жүреді екен.
Квадрокоптер аса үлкен биіктікте ұшпайды. Оның себебі, біріншіден, қауіпсіздік, екіншіден қалыпты тас жолдардың не теміржолдардың бойымен жүруі үшін екен. Ал оның жерге қонуы үшін оның "ауыр" салмағын көтере алатын алып бекет керек. Бірақ бекеттің құрылымы, құрылысы қалай және қандай жолмен жасалатыны әзірге белгісіз.
Бүгінгі таңда түрік инженерлерінде бұл жоба төңірегінде көптеген мәселе туындап отыр. Мысалы, "желді, дауылды, жаңбырлы күндері транспорт қалай жүреді, оның орташа жылдамдығы қандай болады, дыбысы қандай болады" деген тәрізді сұрақтар. Бірақ олар бұл сұрақтардың шешімін тауып, қайткенде де, жобаны жүзеге асырамыз деп отыр.
Сурет: 24gadget.ru