- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Хейт әлі де...
"Хейт әлі де басылмады". Олжас Еспанов желіде шу болған оқиғаға қатысты шындығын айтты
Әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспановтың бірнеше ай бұрын желіде қыздарға интим хат жазғаны туралы ақпарат тараған еді. Бұған қатысты әншінің ұлы өз шындығын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ревю бағдарламасына сілтеме жасап.
"Бұл негізі 5-6 жыл бұрын болған нәрсе. Енді жарыққа шықты ғой. Неге ұзақ уақыт сақтап жүргенін білмеймін. 90 пайыз хатта жазылған нәрсенің бәрі фотошоп. Кейбір жерде менікі болған. Көбінесе өтірік сөздер, жақындатып қарағанда бәрі көрініп тұр. Сотқа беремін деген едім. Бірақ кейін қоя салдым. Мені білмеген адамдар көп екен. Осы пиар арқылы бүкіл Қазақстанға әйгілі болдым десем болады. Өйткені әлеуметтік желідегі статистикамды қарасам, 4 күн ішінде 5,5 млн адам кіріпті", - деді ол.
Олжас Еспанов әкесі мотивация бергенін де атап өтті.
"Әкем күлді, не десін. "Мұңайма" деп мотивация берді. Оның үстіне танымал адамның баласы болғаннан кейін бірден хейт кетеді. Бұл жерде Еспановтың ұлы болып шығып кетті. Хейт әлі де басылмады", - деді ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы