"Хайуандар көбейді". Мейрамбек Бесбаев Қайрат Нұртасқа "ағалық ақылын" айтты

"Хайуандар көбейді". Мейрамбек Бесбаев Қайрат Нұртасқа "ағалық ақылын" айтты
Фото: видеодан алынған кадр

Әнші Мейрамбек Бесбаев Қайрат Нұртастың қамауға алынуына қатысты жазба жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әнші өз жазбасында "Досым" деп жүріп, домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатындарды" айыптаған.

"Кейде есігіңнен күліп кіріп, текеметіңді тіліп кететіндер болады. Адам аласы ішінде ғой. Досым деп жүріп, домалақ арыз жазып, құны қымбат достықты қастыққа айырбастай салатын хайуандар көбейді. Қайрат інім, Құдай жаныңа қуат берсін. Бұлттың артынан күн шығатыны секілді, әр жамандықтың артынан үлкен жақсылық болатыны ақиқат. Енді абайлап жүрші. Маңайында жүргендерді сұрыптап қарашы. Сені сатқан ақымақтың жазасын Алла береді. Алла әділетті", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова да ұлының қамауға алынуына қатысты пікір білдірген еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан