Орталық сайлау комиссиясына Хайролла Ғабжалиловтің Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсынылғаны туралы құжаттары келіп түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"11 қазанда Орталық сайлау комиссиясына Хайролла Мағауияұлы Ғабжалиловтің "Оралмандардың "Асар" бірлестігі" республикалық қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат болып ұсынылды" - делінген хабарламада.
Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Хайрулла Ғабжалилов 90-жылдары Қазақстанның ұлттық валютасы - теңгені жасаған дизайнерлер тобының құрамында жұмыс істеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!