- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Хайп қуған аталар:...
Хайп қуған аталар: тойды басына көтеріп билеген аталар Қазнет жұлдызы болды
Той маусымы қыза түскен уақытта Желіде тойдағы қызықтар туралы видеолар да көбейе бастайды. Соның бірі - қариялардың биі әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсіп жатады.
Мысалы, бірінші видеодағы қария Желі қолданушыларын тәнті еткен.
"Браво!", "Менің әкем де жақында зейнетке шығады, ол да осылай асыр салып билеп жүреді деп үміттенемін", "Жасыңыз ұзақ болсын", - деп пікір жазды қолданушылар.
@tukanovaz #аташканахайпе ???#аташка #танцы #рек #м ♬ 1, 2, 3 (feat. Jason Derulo & De La Ghetto) [Sped Up Version] - Sofia Reyes
Ал келесі видеодағы қария тек жастарды емес, сондай-ақ кәсіби бишілерді де басып озған. Қария тойдағы қонақтарды да тәнті еткен. Қазақстандықтар осындай қариялардың "кесірінен" зейнет жасы жыл сайын ұлғайып жатқанын жазып әзілдеген.
"Тәнті болып отырмын", "Маған қарағанда 100 есе мықты билейді", "Дастарқанда бұртиып отырғаннан, осылай көңілді жүрген дұрыс", "Осындай аталардың "кесірінен" зейнет жасын көбейтіп жібереді", - делінген видеодағы пікірлерде.
@gulzhiyan_ #аташкакрутой ♬ оригинальный звук - Гүлжиян
Бұл видео 80 мыңға жуық қаралым жинаған.
@toi_duman Аташкаа красавчик ?? Нее дегеееен энергия?! #тойдуман #шымкет #тараз #аламатаказакстан #тикток ♬ оригинальный звук - toi duman
Келесі видеодағы аталар жас ештеңеге кедергі бола алмайтынын дәлелдеген секілді. Кез келген жаста күш-қуатың толы бола алатынының дәлелі. Видео 340 мың қаралым жинаған.
@merke_stars Ата мен апада, аға мен жеңгеде, жезде мен әпкеде, вообщем тойда бәрін билетеміз ? #ТамадаБакытжанКанат #той #тамада #танцы ♬ оригинальный звук - Тамада Бакытжан & Канат
Психолог Айсұлу Болатбекова Tengri LifeStyle-ға берген сұхбатында белсенді болу мен үнемі қозғалыста болу физикалық проблеманы шешіп қана қоймай, эмоциалық күйді де қалыпта ұстауға көмектесетінін айтады. Осылайша, ұзақ өмір сүріп, көңіл күйіңді көтеріп, іштей өзіңізге риза күйде бола аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина