- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Хатты Францияда ұшатын...
Хатты Францияда ұшатын аппараттар тасиды
Ұшқышсыз басқарылатын аппараттар құрастырылғалы бері түрлі мақсатта пайдаға асырылып келді. Биіктен видео түсіруден бастап пицца тасуға дейін қолданылды. Енді француздар квадрокоптерлерді хат тасуға бейімдей бастапты. Франция Ұлттық Пошта Қызметінің ресми ақпараты бойынша, жұмысқа тартылатын дрондар 4 келіге дейінгі заттарды тасумен айналысады. Ал аппараттар қашықтығы 20 шақырымға дейінгі жерлерге жіберіледі.
Квадрокоптерге ештеңе кедергі болмайтындықтан, поштаны өз уақытында жеткізу мүмкіндігі артады. Сондықтан, аталған қызмет түрі қала маңында шоғырланған халық арасында сұранысқа ие болары анық. Дегенмен, қалалық тұрғындар жаңа идеяны мақұлдамауы мүмкін.
Қазір пошта қызметі елдің оңтүстігінде тәжірибе жұмыстарын сәтті аяқтады. Жуырда қызмет елдің агломерацияларында іске қосылады.
Сурет: mobilab.by
Ж. Өрісбай