- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Хаттама бойынша ондай...
"Хаттама бойынша ондай болмады". Рим Папасын алып жүрген полицейлермен сұхбат
Жоғары лауазымды шетелдік қонақтардың, әлем көшбасшыларының, шет елдердің тұлғалары мен премьер-министрлердің елімізге сапары кезінде жолдарда олармен бірге полицейлер жүреді. Автопатрульден бөлек кортежге мотополиция да кіреді. Елордалық взводта 16 кәсіби мотоциклист бар, ал оның қатарына кіру үшін қызметкерлер мінсіз беделге, ерекше көлік жүргізу дағдыларына ие болуы және арнайы курстардан өтуі керек, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ерекше қорғалатын адамдармен бірге мотоциклмен жүретін қызметкерлерді "полиция эскорты" деп атайды. Мотовзвод арнайы батальонға жатады. Полиция эскорты қызметкерлерінің формасы әдеттегіден айтарлықтай ерекшеленеді, полиция рәміздері бар ауыр мотоциклдер, былғары полиция формасы және етік болады.
Арыстан Смайылбеков - эскорт взводының аға инспекторы, он жылдан аса мамандандырылған батальонда қызмет етеді. Ол тоғыз жылдан бері мотоцикл жүргізіп келеді.
Polisia.kz
"Қозғалыс басталған алғашқы минуттардан-ақ толқу сезіледі. Содан кейін бәрі көлікте болады. Бұл жолы Рим Папасымен бірге жүрдік. Кортежге бесінші рет шықтым. Осы жылдар ішінде көптеген елдің президенттері, күзетілетін адамдармен бірге болдым", - дейді полицей.
Polisia.kz
Оның айтуынша, мемлекеттік сапар алдында олар күзетілетін адамдардың жүріп-тұру бағыттарын, олардың тұратын, баратын жерін алдын ала пысықтайды.
"Қонақтар келгенге дейін жаттығу өткіземіз. Әдетте алаңда дайындаламыз, кейде қалаға барамыз. Взвод командирі бізді бөледі. Жаттығуға бір ай немесе екі ай кетуі мүмкін. Рим Папасының кездесуіне дейін біз бір айға жуық жаттығу жасадық. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Ол тіпті тоқтап, бізге алғысын білдірді. Біз үшін бұл - үлкен құрмет", - дейді Арыстан.
Polisia.kz
Полиция мотоциклдерімен жүру Алексей Ноғайдың да арманы болған. Ол офицер қызметін 7 жыл бұрын дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция полкінде бастаған, сондай-ақ, оның Нұр-Сұлтан қаласының ПД арнайы күзет қызметінде және патрульдік полицияның арнайы батальонында тәжірибесі бар.
"Ең қызығы және қауіптісі - алдыңғы және бүйірлердегі қашықты сақтау", - дейді инспектор.
Polisia.kz
"Маңызды тұлғаларды алып жүру - жауапты іс. Сырттан қарағанда, оңай сияқты, бірақ іс жүзінде бәрі қарапайым емес. Мотоцикл машина емес және мотоциклді басқарудың өзіндік ерекшеліктері бар. Маневр кезінде бұл сезіледі, өйткені оның екі дөңгелегі ғана бар. Рим Папасы бізге қараған кезде рух алдық, өйткені хаттамаға сәйкес ондай болмады. Содан кейін ол бізге естелік медальдарды табыстады", - дейді полиция капитаны.
Polisia.kz
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова