Өскемен қаласында 17 жастағы студент қыз суицид жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бақылаушы орган марқұмның толық емес отбасынан шыққанын қосты. Болжам бойынша, суицидке жауапсыз махаббаты себеп болған. Қыз өз-өзіне қол жұмсамас бұрын хат жазып кеткен.
"Кәмелетке толмағандар арасында өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерінің көбейгені көңіл қынжылтады: 2024 жылы 22 оқиға тіркелген болса, былтыр жеті оқиға болды. Кәмелетке толмағандардың мұндай қадамға баруының себептері әртүрлі: отбасылық жанжалдар мен оқудағы қиындықтардан бастап, достарымен қарым-қатынастағы қиындықтарға дейін әсер етіп отыр. Оның үстіне жасөспірімдер көбіне өздеріне зиян тигізгісі келмесе де, бопсалау мақсатында да суицидке әрекеттенеді", - деп атап өтті департаменттегілер.
Еске салайық, бұған дейін шымкенттік құтқарушылар өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттенген әйелді құтқарып қалғанын жазған едік.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!