- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Хаски әуежайда үш...
Хаски әуежайда үш апта бойы иесін күткен
Фото:
Международный аэропорт Хабаровск
Боран есімді хаски Хабаровск әуежайында үш апта бойы иесін күтті, - деп хабарлайды "Хабаровск".
Әуежайдағы жалғыз асылтұқымды итті әуе айлағының қызметкерлері байқаған. Олар алдымен итті тамақтандырған, кейін жұмысшылардың бірі оған ештеңе болмау үшін үйіне алып кеткен.
Кейін әуежай қызметкерлері ит иелерін немесе оған жаңа үй табуға үміттеніп, әлеуметтік желілерде суретін жариялаған. Бұл өз нәтижесін берген, жануардың иелері табылған.
Олар демалысқа кетіп, 8 айлық Боранды таныстарының қарауына қалдырғаны белгілі болған. Алайда ит шыдай алмай, иелерін күту үшін әуежайға қашып кеткен.
Ж. Қадыржанова