- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Хасан Қасымбаев
Хасан Қасымбаевтың әйелі оның немен айналысатынын айтып берді
Талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін аты қызу талқыға түскен хуторлық Хасан Қасымбаевтың әйелі күйеуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әйелі оның кінәсіз екенін айтып, Президентке бейнеүндеу жариялады. Оның айтуынша, Хасан Қасымбаев - ешкімге зиян тигізбеген адам.
"Ол мал шаруашылығымен айналысады. Кішігірім бетон шығаратын зауыты бар. Күйеуім туралы айтылып жатқан ақпарат жалған. Біреу айтты, қалғандары соны қолдап отыр. Оны шынымен танитын адамдарға барыңыздар, қандай адам деп сұраңыздар! Біздің бірге тұрып жатқанымызға 15 жыл болды. Үш баламыз бар. Ойлаңызшы, балаларымызға қандай психологиялық соққы тиіп жатыр?" - деген әйелі істің әділ қаралуын сұрады.
Айта кетейік, бұған дейін Хасан Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова да ұлының ұсталуына қатысты ресми мәлімдеме жасаған болатын. Ал полиция Хасан Қасымбаевтың неге ұсталғаны туралы айтты.
Еске салайық, бұған дейін ел арасында Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың өлімінен кейін күдіктілердің "Хутор" қылмыстық тобына қатысы бар екені және аталмыш топтың басында Хасан Қасымбаев есімді азамат тұр деген әңгіме тараған болатын. Желіде Хасанмен түскен әншілердің суреттері тарап, көпшілік оларды сынға алған еді.
Кейіннен атышулы Хасан әлеуметтік желіде төбе көрсетіп, "менің еш қатысым жоқ" деп сұхбат берген болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева