Хасан Қасымбаевтың анасы ресми мәлімдеме жасады

Хасан Қасымбаевтың анасы ресми мәлімдеме жасады
Фото: Инстаграм

Хасан Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова ұлының ұсталуына қатысты ресми мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Гүлнар Нұракенова президенттен көмек сұрады. 

"Менің баламның ісін әділетті шешіп беруіңізді, істі өз қарамағыңызға алып, осыны анықтап беруіңізді сұраймын. Баламды жазықсыз кінәлап отыр. Кінәсін дәлелдеп берсін. Департаментке де сол үшін келіп отырмын. Жауабын сол кісілерден күтемін", - дейді Қасымбаевтың анасы. 

Бүгін талғарлық Шерзат Болаттың өлімінен кейін аты қызу талқыға түскен хуторлық Хасан Қасымбаев ұсталғаны хабарланған болатын. Артынша полиция Қасымбаев не үшін ұсталғанын түсіндірді

Кейбір деректер бойынша ол 2021 жылы жасаған қылмысы үшін ұсталған. 

Бұған дейін ел арасында Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың өлімінен кейін күдіктілердің "Хутор" қылмыстық тобына қатысы бар екені және аталмыш топтың басында Хасан Қасымбаев есімді азамат тұр деген әңгіме тараған болатын. Желіде Хасанмен түскен әншілердің суреттері тарап, көпшілік оларды сынға алған еді.

Кейіннен атышулы Хасан әлеуметтік желіде төбе көрсетіп, "менің еш қатысым жоқ" деп сұхбат берген болатын.

Еске салайық, Талғарда 4 қазанға қараған түні жасөспірім көз жұмды, кейінірек өңірдің полиция департаменті осы оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ал марқұм Шерзаттың отбасы бұл жайтқа қатысы барлардың бәрін ұстап, жазалауды талап етті. Қалаға ІІМ тобы жіберілді.

Талғардағы қайғылы оқиға: бейнебақылау камераларының жазбалары өшірілгені рас па?

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Талғарда көз жұмған Шерзаттың отбасына тегін қорғаушы ұсынды. Сонымен қатар Алматы облысы полиция департаменті өкілі Талғардағы жаппай төбелесте күдіктілер қандай суық қару қолданғанын айтты.

“Қазақ болып күресеміз“. Заңгер Талғардағы жасөспірімнің өліміне қатысты істі соңына дейін жеткізетінін айтты

Кейінірек полиция тағы да мәлімдеме жасап, халық арасында тараған, "Талғардағы жасөспірімнің өліміне бандиттердің қатысы бар" деген ақпаратқа пікір білдірді. Ал 12 қазанда Шерзат Болаттың үйі өртеніп кетті. Артынша марқұмның отбасын полиция күзететін болды.

Талғарда қаза тапқан жасөспірімнің үйі өртенді: оқиға орнынан фотолар 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина