Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты

Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Талғар ауданы сотында Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот Хасан Қасымбаевты адам ұрлағаны, денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіргені және бопсалағаны үшін кінәлі деп тапты. Осылайша Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Еске салайық, 10 қарашада өткен сотта Хасан Қасымбаев соңғы сөзін айтты. Ол өзін Шерзат Болат ісі төңірегіндегі резонанс пен "Әлімовтің жалған айғақтары" үшін соттап жатқанын мәлімдеді.

Хасан Қасымбаевқа қатысты іс

Айта кетейік, Хасан Қасымбаевқа үш бап бойынша айып тағылған болатын: адам ұрлау, қасақана ауыр жарақат салу және бопсалау. Онымен бірге тағы бес адам айыпталушылар қатарында болды.

Істе екі жәбірленуші бар, олар - ММА файтері әрі жаттықтырушы Арман Әлімов және кәсіпкер Әріпжан Тәжиев.

Хасан Қасымбаев 2024 жылы 2 қарашада ұсталған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget