Хасан Қасымбаев сот залындағы терезені сындырған

Хасан Қасымбаев сот залындағы терезені сындырған
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Хасан Қасымбаев сотталушылар орындығындағы пластик терезені сындырған. Оқиға бүгін, үкім шыққанға дейін шамамен жарты сағат бұрын болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәліметке сүйенсек, Қасымбаев пен басқа да сотталушылар сот залында журналистер болуына наразылық танытқан.

Осыдан кейін сот қызметкерлері журналистер мен операторларды бірден залдан шығарған.

Алматы облыстық сотының баспасөз хатшысының айтуынша, журналистер "қауіпсіздік мақсатында" шығарылған.

Еске салайық, бүгін Алматы облысы Талғар ауданы сотында Хасан Қасымбаевқа сот үкімі шықты. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget