Алматы облысының Талғар аудандық соты Хасан Қасымбаев пен тағы бірнеше адамға үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот мәліметінше, Қ.Х. басқа сотталушылармен алдын ала сөз байласып, А.-ға күш қолданып, шабуыл ұйымдастырған. Айыпталушылар Қ., Ақ., Ал., Ас., С. жәбірленуші А.-ны күштеп көлікке отырғызып, елді мекеннен тыс жерге апарып, соққыға жыққан.
Салдарынан жәбірленушіге ауыр жарақат салған. Бұдан бөлек, сот мәліметінше, Қ.Х. басқалармен бірге азамат Т.-дан 1 000 000 теңге көлеміндегі қаражатты күш қолдана отырып, қорқытып алған.
Айыпталушылардың кінәсі жәбірленушілердің айғағымен, оқиға болған жерді қарау хаттамаларымен, беттестіру нәтижесімен және сараптама қорытындыларымен дәлелденген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!