"Харизма ұрып тұр". TikTok-та ән айтып, жұлдызға айналған тиктокер видео түсіруді қалай бастағанын айтты

TikTok-та түрлі әндерге қосылып айтатын желі қолданушысының видеосы кең тарап жатыр. Тіпті танымал адамдар да оның видеоларын әлеуметтік желідегі парақшасына бөлісіп, ал кейбір блогерлер оның видеоларына пародия түсіріп жүр. Massaget.kz тілшісі видеолары арқылы Қазнет жұлдызына айналған әйелмен сұхбаттасты. 

46 жастағы Нұргүлдің әлеуметтік желідегі бір видеосы 1 миллион 500 мың қаралым жинаған.

@h.k_77

♬ оригинальный звук - _??????.15 ?

TikTok қолданушылары видеоға жағымды пікірлер жазып, оның өнеріне, харизмасына тәнті болған.

"Ауызды жыбырлатып тұрмай, тәтең жаттап алып, молодец", "Харизма ұрып тұр", "Бүгін бұдан асқан әдемі видео көрген жоқпын", "Балаларыңыздың жолы болды, осындай заманауи анасы бар", "Бүгін менің лентамдағы ең сүйкімді видео", "Шын жүректен екені көрініп тұр", - дейді олар.

Тіпті оның видеосына танымал адамдар да пікір жазған.

"Кайфовая", - дейді Сабиркин лақапатымен танымал блогер.

Нұргүл - Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Бурабай ауылының тұрғыны. 

"Жолдасым, екі балам бар", - дейді ол өзі туралы.

Нұргүл TikTok желісіндегі парақшасын ашқанына көп уақыт болмапты. Дегенмен ән арқылы ішкі сезімін, көңіл күйін шығаруды жөн көрген.

"Ең бірінші TikTok-қа 3 ақпанда тіркелдім. Ал ең бірінші видеом 25 тамызда жарияланды. Көбіне өлеңнің сөздері ұнаса, сай келіп тұрса, ішкі сезімімді солай шығарғанды жақсы көремін. Алғашында осылай айтып көріп едім, өзіме ұнады. Жолдасыма көрсетіп едім, "дерзай, детка" деді. Әйел адам болғаннан кейін, жолдасымыз болғаннан кейін, рұқсат сұрау керек. Өйткені бір жерде қате кетсе, кемшілік-артықшылықтарымды айтып отырады. Сондықтан "қалай, ұнай ма сізге, TikTok-қа шығарсам бола ма?" деп сұрадым", - дейді ол.

Оның негізгі мамандығы музыкадан, өнерден мүлдем алыс екен.

"Музыкалық білімім жоқ. Мамандығым - химик-лаборант. Бірнеше мамандықты игергенмін: фарфор бұйымдарды түсіруші-төсеуші, фарфор бұйымдарын тегістеуші. Кейінгі жылдары Алматыда фармацевтикалық қоймада жұмыс істегенмін", - дейді тиктокер.

Ал өзінің айтуынша, әнге деген махаббаты анасынан дарыған болса керек.

"Жарықтық анам күшті ән айтатын. Дауысы керемет болатын. Ауылды жерлерде той-думандарда өлең айтатын. Өзім көпшіліктің арасында өлең айтып көрмегенмін", - дейді Нұргүл.

@h.k_77

♬ оригинальный звук - Aleke????

Бір қызығы ол видеолары мұндай танымалдылыққа ие болғанын білмепті.

"Миллион қаралымдар болғанын білгенін жоқпын. Интернет жай болғаннан кейін парақшамнан көре алмадым. Ал көргенде жай ғана қуандым, себебі осындай жақсы, халыққа өтімді видеолар түсіріп жатқаныма риза болдым", - дейді Нұргүл.

Оның сөзінше, сын пікір жазатындарға қарағанда жылы лебізін арнап, бақыт тілейтіндер көп.

"Пікірлерге келсек, бірен-саран деп айтайыншы. Бірден онға дейінгі шамада жағымсыз пікірлер болды. "Ой, фу, өз дауысымен айтып тұрған жоқ" дегендер болды. Ал басқалары жағымды пікірлер болды. Бәрі бақыт тілеп жатыр. "Не деген керемет, не деген күшті" деп жатыр. Осындай пікірлер жағымсыз он пікірді жауып отыр. Күніне 10-15 пікірден келді. Бәріне жауап жазуға тырыстым", - дейді тиктокер.

Танымал әнші Ерке Есмахан да Нұргүлдің видеосын әлеуметтік желідегі парақшасына салған еді. 

"Туысқан сіңілі-әпкелерім чатқа жіберіпті. Оны екі күн аша алмай, әрең ашып, көрдім. Сол кезде білдім", - дейді ол бұл туралы.  

Сонымен қатар, әлеуметтік желіде Нұргүлге пародия жасайтындар да бар. Ол мұны қалай қабылдайтынын айтты. 

"Екі блогер бар, біреуі - Биболат, пародия жасады, екіншісі - Өскемен қаласынан Аяжан деген қыз. Ол да блогер, танымал, оқырмандары көп екен. Сол қыз сторисіне "қартайған кезімде шалыммен осылай өлең айтып жүремін" деп салыпты. Оны да маған біреу жіберді. Лентада маған пародия жасаған видеоларын көрген кезде лайк басып, пікір жазамын", - дейді Нұргүл.

@bibomen #дуэт с @Нургуль ❤️ Аскар ? ♬ оригинальный звук - _??????.15 ?

TikTok жұлдызы болашаққа арналған жоспары көп екенін жеткізді.

"Тикток осылай қалады. Бұл парақшамды жабамын деп ойламаймын. Болашаққа армандарым мен жоспарларым көп", - деп түйіндеді әңгімесін ол.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!