Әнші Алтынай Жорабаева қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханның әйелін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші видеоны Instagram-да жүктеп, Бекболат Тілеуханның әйелін белгілеп кеткен. Желіге жүктелген видеолардан танымал қазақстандықтар қоғам қайраткерінің әйелі Кенже Сәрсекенованың үйінде Айт мерекесіне жиналғанын көруге болады.
Сонымен қатар, танымал қазақстандықтар жиналған Айт мерекесіне айтыскер ақын Сара Тоқтамысова да болған.
"Бекболат ағамның ханшайымы", - дейді айтыскер.
Бекболат Тілеуханның әйелі туралы әнші Қарақат Әбілдина да жазған.
"Жаңа-арқаның келіні, Бекболат ағамыздың сұлу жары Кенженің айт шәйін ішіп, сүр етін жеп, әдемі шаңырағында достармен бас қостық. Қабыл болсын! Қазаққа Бекболат Тлеухановтай ұл сыйлаған Айнагүл анамыздың батасын алған ақ келіншектің табағы да, қабағы да келісті сондай", - дейді әнші.
Желіде Кенже Сәрсекенова туралы көп ақпарат жоқ. Тек "Қазақстан әйелдері" журналына берген сұхбаты бар. Онда Кенже Сәрсекенова Бекболат Тілеуханмен 1998 жылы танысып, 2005 жылы неке қидырып, тұрмысқа шыққанын айтады. Сонымен қатар, Кенже Сәрсекенованың сөзінше, бүгінде олар төрт қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр екен.
Айта кетейік, ашық дереккөздер мәліметінше, Бекболат Тілеухан 11 баласы барын айтқан.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!