"Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығындағы трансформаторлық қосалқы станция өртеніп жатыр

Астанадағы "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, 23 желтоқсан күні сағат 14:00-де қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы, 37 мекенжайындағы "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығындағы өрт туралы хабарламаға шыққан.

"Келген бойда 5 минутта өрт сөндірушілер артқы кіретін жақтан қою қара түтіннің шығып жатқанын анықтады, трансформаторлық қосалқы станцияның 10 ш метр және кабельді шахта 0-қабатта өртеніп жатқаны анықталды", - делінген департамент таратқан хабарламада.

Өрттің таралу қаупі жоқ. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт орынында жою бойынша жеке құрамның 66 адамы және Астана ТЖД 14 техникасы өрт сөндіру бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!